Инструкция - Bobotik
Препарат туралы ақпаратты сайтта көру үшін препаратты таңдаңыз
Медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
1 мл эмульсияның құрамында
Белсенді зат – симетикон, 66,66 мг (30% эмульсия түрінде – 222,20 мг); Қосымша заттар: натрий сахаринаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий кармеллозасы, лимон қышқылы, таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.
Ішуге арналған эмульсия, 66,66 мг/мл
- асқазан-ішек жолында газдардың артық жиналу жағдайларында (асқазанның толып кету сезімі, созылмалы метеоризм, операциядан кейінгі метеоризм)
- қосымша зат ретінде құрсақ қуысының ағзаларын рентгенологиялық және ультрадыбысты зерттеу сияқты диагностикалық зерттеулерге дайындау, сондай-ақ гастроскопия және дуоденоскопия кезінде қолданылады.
- cиметиконға немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық жағдайында;
- жаңа туған балаларға қабылдауға болмайды (28 күнге дейінгі балалар).
Боботик препаратын қолданған кезде газдалған сұйықтықтарды ішуге болмайды.
Кейбір деректерде симетиконның пероральді антикоагулянттардың сіңуін бұзуы мүмкін екені туралы айтылады. Симетиконды қолдану гваяк шайырын қолданумен өткізілген диагностикалық сынақтардың жалған оң нәтижелерін бере алады, бірақ жылдам уреаза сынағының нәтижелеріне әсер етпейді (Helicobacter pylori диагностикасы).
Симетикон левотироксинді байланыстыра алады. Боботик препаратын мен левотироксинді бір мезгілде қабылдаған кезде левотироксиннің сіңуі бұзылуы мүмкін.
Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар
Препарат құрамында метилпарагидроксибензоат
және пропилпарагидроксибензоат бар. Олар аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін (кешіктірілген реакциялар болуы мүмкін).
Препараттың құрамында бір миллилитр эмульсияда 1 ммольден (23 мг) артық емес натрий бар, сондықтан іс жүзінде құрамында натрий жоқ деп санауға болады.
Жүктілік және лактация кезінде
Препаратты жүкті әйелдерде және емшектегі балаларда қолдану туралы деректер жоқ.
Препаратты жүктілік кезінде дәрігердің пікірінше, анаға пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдануға болады. Емшекпен емізу кезеңінде препаратты қолдану туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Боботик көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді.
Дозалау режимі
1 мл препаратта шамамен 27 тамшы бар.
Асқазан-ішек жолында газдардың артық жиналуы жағдайында:
28 күннен 3 жасқа дейінгі балалар: күніне 4 рет 8 тамшыдан (20 мг симетикон).
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: күніне 4 рет 14 тамшыдан (35 мг симетикон).
6 жастан асқан балалар мен ересектер: күніне 4 рет 16 тамшыдан (40 мг симетикон).
Әдетте препарат күніне 3 рет тамақтанғаннан кейін және ұйықтар алдында қолданылады.
Диагностикалық зерттеулерге дайындық:
Асқазан-ішек жолдарының радиологиялық және ультрадыбыстық зерттеуі
Зерттеуге бір күн қалғанда:
28 күннен 3 жасқа дейінгі балалар: күніне 2 рет 10 тамшыдан (25 мг симетикон).
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: күніне 2 рет 16 тамшыдан (40 мг симетикон).
6 жастан асқан балалар мен ересектер: күніне 2 рет 20 тамшыдан (50 мг симетикон).
Таңертең, зерттеу күнінде, аш қарынға, бір реттік дозаны қайталау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты ішке қабылдайды.
Препаратты қолданар алдында құтының ішіндегісін бірнеше рет мұқият шайқау керек.
Боботикті алдын-ала аз мөлшердегі қайнатылған, салқындатылған сумен, балалар тағамымен немесе басқа газдалмаған сұйықтықпен араластыруға болады.
Препарат құрамында қант жоқ, сондықтан оны қант диабетімен ауыратындар қолдана алады.
Емдеуді симптомдар жойылғанша жалғастыру керек.
Қажет болса, Боботикті ұзағырақ уақыт қолдануға болады.
Ашылған қаптаманы 2 ай ішінде пайдалану керек.
Симетикон қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолынан сіңірілмейді және өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндірмейді.
Артық дозалану симптомдарына бақыланбайтын газ шығару немесе кекіру жатады. Артық дозалану белгілерінің қарқындылығы көбінесе қабылданған тағамның түріне және көлеміне байланысты.
Жіберіп алған дозаның орнын толтыру мақсатында қосарлы доза қабылдамаған жөн.
30 мл препарат «Oster» сияқты қоңыр шыны құтыларға құйылады. Құтылар тығыздағыш сақинасы және тік тамшылатқышы бар полиэтилен бұрандалы қақпақпен жабылған.
3 жыл.
Ашылған құтыны 2 ай ішінде қолдануға болады.
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Түпнұсқалық қаптамада 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Рецептісіз