Препарат туралы ақпаратты сайтта көру үшін препаратты таңдаңыз

Сұрақ-жауап

Жас аналар шаншу
туралы не білуі тиіс

Нәрестелерде неліктен шаншу пайда болатыны туралы біркелкі пікір күні бүгінге дейін жоқ. Сәбидің ішегінде артық газдардың түзілуіне көптеген факторлар әсер етеді деп саналады. Олар:

  • асқазан-ішек жолының толық жетілмегендігі;
  • орталық жүйке жүйеснің толық жетілмегендігі;
  • тамақтану техникасының дұрыс еместігі;
  • тамақтың жақпауы;
  • ішек газдарын артық өндіру (метеоризм);
  • ішектің қалыптан тыс бактериялық флорасы;
  • ішек перистальтикасының бұзылуы;
  • туғаннан кейінгі гормондық өзгерістер;
  • сәбидің немесе емізуші анасының антибиотик қабылдауы;
  • артық тамақтандыру;
  • балаға сыртқы тітіркендіргіштердің қатты әсер етуі (мысалы, анасының не ата-анасының екеуінің де алаудаушылығы немесе ашушаңдығы).

Сондай-ақ, нәрестеде шаншудың пайда болуына анасының жалпы ахуалы, мысалы, босанғаннан кейінгі депрессиясының болуы немесе бас сақинасының жиі ұстауы да әсер ететіні белгілі.

Жоқ, шаншу – ауру емес. Нәрестелердегі шаншуды оның асқазан-ішек жолы жұмысының функционалдық жағдайы деп атауға әбден болады, ол кезде ішекте көпіршікті шырыш пайда болады да, ішек қабырғаларын кереді. Дәл осы себепті сәбидің іші ауырады.
Жоқ. Шаншу 70 %-ға жуық балаларда болады. Әдетте олар өмірінің үшінші аптасынан алтыншы аптасына дейінгі кезеңде, ал кейде одан ертерек басталып, қандай да бір емді қажет етпестен, төртінші айына қарай өзі кетіп қалады. Бұған қоса, бөбектің жылауы әрдайым шаншудың белгісі бола бермейтінін де есте ұстау керек. Өйткені жылау арқылы ол қарым-қатынас жасайды, өз қажеттіліктерін, оның ішінде эмоционалдық қажеттіліктерін білдіреді. Ересек адамның назарын басқаша аударуды сәби білмейді.
Нәрестенің шаншу кездегі жылауы ұстама тәрізді сипатқа ие болады. Яғни, сәби аяқ астынан, еш себепсіз қатты әрі ұзақ жылайды. Және дәл солай жылауын күрт тоқтатады. Әдетте мұндай жағдай кешке немесе күндіз болады. Мұндайда нәресте аяқтарын бұлғаңдатады, күшенеді, беті қызарады, іші қампиып кеуіп кеткендей болады. Осының барлығымен қатар жел шығып жатқанын байқайсыз.
Нәресте шаншуының нақты анықталған белгілі бір симптомдары жоқ. Бөбекті шаншу мазалап тұрғанын педиатр «үштік қағидасының» негізінде айтып бере алады. Ол дегеніміз – көрініп тұрған себептерсіз ұстама тәрізді жылаудың 3 күн бойы тәулігіне 3 сағаттан артық уақытқа созылуы және кем дегенде 3 аптаға созылуы. Бірақ шаншуды анықтаудың біршама жаңа тәсілдеріне сәйкес, аталған симптомдардың бір апта бойы байқалуының өзі жеткілікті.
Емдеуді қажет ететін ауру көрінісі емес, нақты шаншу екенін білдіретін бірнеше негізгі белгісі бар. Егер нәресте күндіз немесе кешке ұдайы жылайтынына қарамастан, салмағы мен бойы жақсы өсіп жатса, тәбеті жақсы болса, күні бойы белсенді қалпын сақтаса, және оны бөртпе, жоғары температура, ас қорытудағы бұзылыстар және басқасы мазаламаса, ол сап-сау бала деген сөз. Алайда, сәбиіңізге қатысты әлдене сізді бәрібір алаңдататын болса, міндетті түрде педиатрға апарыңыз.
Емізуші ананың тамағы әртүрлі және пайдалы болуы қажет екені дәлелденген жайт. Егер ана дұрыс тамақтану қағидаларын ұстанса, оның сәбиінде шаншу бола қоюы екіталай.
Емізуші ана ауыр майлы тамақтардан және іштің кебуіне жағдай жасайтын тамақтардан (орамжапырақ, бұршақ тұқымдастар, жүзім, мейіз, қара нан, саңырауқұлақ, шоколад, қаймағы алынбаған сүт), ащы дәмдеуіштерден және газдалған сусындардан, маринадтар мен тым қатты тұздалған тағамнан бас тартқан абзал.
Нәрестелерде шаншу пайда болуының жиі кездесетін себептерінің бірі – дұрыс емізбеу. Сәбидің емізу кезінде омырау ұшын аузына толық сала алмауы және асығыс соруы көп ауа жұтып қоюына алып барады. Асқазанға түскен ауа ішекке қарай жылжиды, сөйтіп ол жерде ауырсыну пайда болады. Олай болмас үшін, дұрыс емізу техникасын үйреніңіз: сәби омырау ұшын еріндерімен тығыз қамти алуы, тыныш жатып, асықпай емуі тиіс.

Егер емізу кезінде сәби бәрібір ауа жұтып қойған болса, оны кекіріп тастағанша, 10-15 минут бойы тігінен ұстай тұрыңыз. Бұл кезде бос қолыңызбен оның арқасынан жайлап сипауға болады.
Шаншу емшек сүтімен тамақтанатын балаларды да, жасанды жолмен тамақтандырылатын балаларды да мазалайды. Жасанды жолмен тамақтандырылатын сәбилерде сүт қоспасын дайындау ережелерін ұстанбаса (суды тым көп құйып жіберсе немесе тым қою қылып жасаса), не сүт қоспасы дұрыс таңдалмаса, шаншу басталып кетуі мүмкін. Сәбиіңіз сүт қоспасын тым тез ішіп қоя ма? Бұл да – шаншудың кең таралған себептерінің бірі. Мұндай жағдайда нәресте ауа жұтып қоймауы үшін, тесігі кішірек емізікті таңдау керек.
Егер бірнеше күн қатарынан сәбиіңіз қатты жылап мазаңызды алмаса және көңіл күйі жақсы болса, бөпеңіздің шаншулар кезеңінен өсіп кеткенінің және ішінің бұрап ауыруының артта қалғанының белгісі болып саналады. Бұндай жетістікке жететін орташа жас көп балаларда – 3 ай. Шала туылған балаларда шаншу 5-6 айға дейін мазалауы мүмкін, және бұл қалыпты жайт.
Боботик препаратының құрамына кіретін симетикон балалар үшін қауіпсіз деп саналалды және туғаннан 28 күн өткеннен бастап қолдануға болады. Ең бастысы – ол асқазан-ішек жолында сіңірілмейді және өзгеріссіз күйінде шығарылады. Осы қасиетінің арқасында оның жанама әсерлері болмайды. Тіпті ұзақ уақыт қабылдаған кездің өзінде де жанама әсерлері болмағаны дәлелденген. Кез келген дәрілік препаратты қолданғандағыдай, дәрінің құрамдастарына жеке сезімталдық болуы мүмкін, бірақ өте сирек жағдайда.

Боботик – бұл 10 жылдан астам уақыт қолданылып келе жатқан бренд, оған әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде еуропалық ата-аналар сенім артады

Боботик препаратының артықшылықтары:

  • 28 күннен асқан балалар үшін қауіпсіз;
  • Шаншудың себептеріне әсер етеді, ішекте сіңірілмейді;
  • Ұзақ уақыт қабылдауға болады, себебі дәріге үйреніп қалу деген болмайды;
  • Шығарылу түрі пайдалануға қолайлы;
  • Бағасы қолжетімді