Назад
Нәрестелердегі ішек шаншуы: бала үшін қауіпті ме?
Ақпан 7, 2023
Поделиться:
шаншу
бала емізетін аналарға

Ішек шаншуы сәби үшін расымен қауіпті ме және ішкі органдардың жұмысында ақау бар екенін білдіре ме? Осыны анықтап алайық.

Әрбір үш ананың екеуінің нәрестесінде ішек шаншуы болады. Нәрестелердегі ішек шаншуы – әлемдегі барлық балалардың 70 %- ында болатын табиғи өсу процесі. Негізі шаншу – бұл ішектің функционалдық құрысуы, ол газдың артық түзілуінен туындайды. Ішекте жиналған газдар оның қабырғаларын кереді де, ауырсыну тудырады. Сол себепті сәби жылай бастайды.

Қатты жылаудан басқа шаншу симптомдары

Әдетте шаншу сәбиді мазалауын туғаннан кейінгі үшінші аптадан бастайды. Олар өте жағымсыз түрде басталады: қарны тойып, тып-тыныш жатқан нәресте күндіз, ал көбінесе кешке кенеттен дамылсыз жылай бастайды. Мұндайда ананың жүрегі алаңдамауы мүмкін емес. Бірақ егер де жылаудан басқа симптомдарды аңғара білсек, тынышталып, терең тыныс алып, құртақандай сәбидің жағдайын жеңілдетуге кірісуге болады.

Сонымен, егер сәби аяқтарын бұлғаңдатып немесе оларды ішіне қарай тартып жылайтын болса, шалқалай беретін болса, іші қампиып кетсе, және осылардың барлығы газдың шығуымен бірге жүрсе – шаншу дегеніміз осы. Шаншудың тағы бір белгісі ауырудың кенеттен басталып, дәл солай кенеттен басылып қалуы, ондайда нәресте жылағанын бірден қояды. Әдетте газдың немесе үлкен дәретінің шығуымен сәби бірден тыныштала қалады.

Жаңа туған сәбилердегі шаншудың туындау себептері

Тиімді ем тағайынадар алдында бірінші кезекте шаншудың пайда болу себебін анықтау керек. Дәрігерлер жаңа туған сәбилерде іш ауыруын тудыратын бірнеше факторларды атайды.

Бірінші кезекте бұл – асқазан-ішек жолының, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің әлі жетілмегендігі. Нәрестелердегі шаншудың басқа себептері:

Анасының сәбиіне жақпайтын қандай да бір тағамды жеуі, ал жасанды тамақтандырудағы сәбилерде жақпайтын сүт қоспасының берілуі.
Жоғары метеоризм;
Гормондық өзгерістер;
Өте тез тамақтандыру және баланың асқазанына ауа кіріп кетуі;
Артық тамақтандыру;
Сәбидің анасының көңіл-күйін қатты сезуі (ананың тым уайымшыл немесе ашушаң болуы);
Ананың зиянды әдеттері (мысалы, ананың шылым шегуі жаңа туған сәбиде шаншу пайда болуына апарып соқтыруы мүмкін).

Нәрестедегі шаншуды емдеу және алдын алу шаралары

Нәрестелердегі ішек шаншуын тиімді емдеу үшін мәселенің себебін анықтауға және оны кетіруге тырысу керек. Мәселен, егер нәресте ана сүтімен қоректенетін болса, анасының жейтін тамақтарын дұрыстау керек, ол үшін сәбидің ішін кептіретін тамақтарды рационнан алып тастаймыз. Бөпеңіз жасанды жолмен тамақтандырыла ма? Онда басқа сүт қоспасын таңдау үшін педиатрмен кеңесу керек.

Сол сияқты, баланың қалай тамақтанатынына да мән беріңіз. Тез тойғызу ауаның жұтылуына жағдай жасайды, ал ол асқазаннан ішекке барып түседі де, ауыру тудырады. Емізіп не бөтелкемен тамақтандырып болғаннан кейін сәбиді тік қалыпта ұстай тұруға тырысыңыз, сол кезде ол артық ауаны кекіріп шығарып тастайды.

Жағымды жеңіл массаж жасау және ішке жылытқыш қою шаншуды жеңуге көмектеседі. Сондай-ақ, анасы сәбиін шешіндіріп, өзінің ішіне жатқызуына болады. Бұлай жатудан оның іші жылынып, бұлшықеттері босаңсиды да, газдардың шығуын жеңілдетеді. Шаншудан құтылудың тағы бір жолы – нәрестені жылы суға шомылдыру.

Қайталанып тұратын шаншуды емдеу мен алдын алудың бүкіл әлемде танылған тағы бір тиімді тәсілі – диметилсилоксан полимері мен кремний диоксидінің қоспасынан тұратын симетикон деген заттың негізінде жасалған препараттарды қолдану болып табылады. Симетикон нәрестенің ішегінде сіңірілмейді, газды жақсы шығарады және бала ағзасынан жанама әсерлерін қалдырмай, өзгеріссіз шығады. Препараттың әсер ету механизмі симетиконның газ көпіршіктерінің қабырғаларын жұқарту қасиетіне негізделген, сол себепті олар жарылады да, газдар табиғи жолмен шығады, ал сол сәтте түзілген сұйықтықты ішек қабырғалары сіңіріп алады. Ең бастысы, препараттың әсері ол ішекке түскеннен кейін бірнеше секундтардан соң басталады, ал оны әрдайым қолдану тәуелділікті тудырмайды.

Бүгінде жаңа туған сәбилерге арналған симетиконы бар ең заманауи препарат Боботик болып табылады. Боботик формуласын ағза жеңіл сіңіреді, пайдалануға қолайлы және құрамында қант жоқ. Тамшыларды суға немесе сүтке араластырып алуға, сүт қоспасына қосуға немесе емізген кезде омырау ұшына тамызуға болады. Сәбиде шаншу ұстамасы болмауы үшін, препараттың небәрі 16 тамшысы жетеді.

Нәрестеде шаншу болғанда қай кезде алаңдауымыз керек?

Әдетте сәби шаншуы қауіпті емес. Бірақ кейде шаншу ағзадағы «ақауды» білдіруі мүмкін, ондайда ем тағайындауы үшін дереу педиатрға көрсету керек. Егер шаншумен қатар оған тән емес симптомдар, атап айтқанда дене температурасының көтерілуі, сұйық нәжіс, салмақты аз қосу, бөртпенің пайда болуы байқалса, дәрігерден кеңес алыңыз және қосымша тексеру жүргізіңіз.

Төмендегі материалдар негізінде әзірленді:

Назад
Поделиться:
Следующая статья