Подготовка к УЗИ - Bobotik
Препарат туралы ақпаратты сайтта көру үшін препаратты таңдаңыз
УДЗ-ға дайындық

Боботик ультрадыбыстық зерттеуге дайындық
алдында қолданылады

Боботик ішектегі газдардан құтылу арқылы құрсақ қуысы мүшелерінің көрінісін жақсартуға көмектеседі.
Боботик – пациентті диагностикалық зерттеулерге дайындау үшін қосымша зат
Боботик препаратының тамшыларын тексеруге дейін бір күн бұрын және тексеру күні таңертен қабылдау зерттеудің диагностикалық құндылығын арттырады
Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі бұрыннан бері әдеттегі медициналық тексеруге айналды. Осы ауыруды тудырмайтын және зиянсыз процедураны ересектер мен балаларға терапевттен хирургқа дейін әртүрлі дәрігерлер ұсынады. Ультрадыбыстық зерттеу көмегімен бауырдың, өт қабының, ұйқы безінің, көкбауырдың, ішектің және бүйректің жағдайы бағаланады. Сондықтан, жұмыс күнінің бір бөлігін УДЗ маманына барумен өткізгеннен кейін: «Нашар көрінеді..., екінші рет келуге тура келеді!» - дегенді есту есе жағымсыз

Ультрадыбыстық зерттеуге тиісінше
дайындалу керек:

1
Зерттеуге 1,5-2 күн қалғанда газ түзілу өнімдерін күнделікті тамақтанудан алып тастау
Зерттеуге 1,5-2 күн қалғанда газ түзілуін күшейтетін тағамдарды (шикі көкөністер мен жемістер, бұршақ дақылдары, қырыққабат, шырындар, қара нан, сүт, сондай-ақ газдалған сусындар) күнделікті тамақтанудан алып тастау
2
Зерттеуге 8-12 сағат қалғанда ештеңе ішуге және жеуге болмайды
Зерттеуге 8-12 сағат қалғанда ештеңе жеуге немесе ішуге болмайды! Сондықтан, құрсақ қуысының УДЗ әдетте таңертең жүргізіледі: түнде адам ештеңе жемейді, ал таңғы асты зерттеуден кейін де ішуге болады.Егер де УДЗ кешке жүргізілсе,онда оған дейін күні бойы аш жүруге тура келеді
3
Боботикті қабылдау
Боботик қосымша зат ретінде құрсақ қуысының ағзаларын рентгенологиялық және ультрадыбысты зерттеу сияқты диагностикалық зерттеулерге пациентті дайындау үшін, сондай-ақ гастроскопия және дуоденоскопия кезінде қолданылады. Қалай қабылдау керек?
Боботик қалай қабылдау керек?
1 күн
Зерттеуге 1 күн қалғанда
Тәулігіне 2 рет
(таңертең және кешке)
28 күннен 3 жасқа дейінгі балалар
10 тамшы
(25 мг симетикона)
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар
16 тамшы
(40 мг симетикона)
6+ жастағы балалар мен ересектер
20 тамшы
(50 мг симетикона)
Таңертең, зерттеу күнінде, аш қарынға, бір реттік дозаны қайталау керек
Боботик: көпіршіктермен күресу
Боботик ішектегі газ көпіршіктерін жойып, газ бен шырыштан тұратын көбікті сұйықтыққа және ішек сіңіріп алатын немесе табиғи түрде шығарылатын бос газға айналдырады.
Боботик препаратының көмегімен зерттеуге дайындалуға болады, бұл:
Сапалы бейнелеуді қамтамасыз етуге, яғни дәлірек және дұрыс диагноз қоюға және сапалы емдеуді жүргізуге мүмкіндік береді
Қайта зерттеу жүргізуге уақытты, күш пен қаражатты үнемдейді