Назад
Балаларда шаншу қай жасқа дейін болады?
Ақпан 7, 2023
Поделиться:
шаншу
бала емізетін аналарға

Қатты жылау, аяқтарын ішіне қарай бүгу немесе тыпырлату, ауырған бет-әлпет сияқты, әр кеште сәбидің мазасын қашыратын шаншудың көріністері ұзаққа созылмайды. Бөбекте шаншусыз өмір қашан басталады? Ол қай жасқа дейін жалғасады?

Сәбиіңіздің бірнеше кеш бойы тынышты болып қалғанын, айғайы мен жылауын қойғанын,шаншуды ұмытқанын сіз бірден байқайсыз. Бұл бөбек ішінің бұрап ауырмайтынының алғашқы белгілері болып табылады.

Мамандар мен тәжірибелі ата-аналар мұндай кезең бала 3-4 айға толғанда басталады деп сендіреді. Дәл осы уақытқа дейін нәрестенің асқазан-ішек жолы органдарының жұмысы жөнге келіп, керекті деңгейіне дейін жетіледі, ал жүйке жүйесі ана құрсағынан тыс өмірге бейімделіп үлгереді, сыртқы тітіркендіргіштер мен дыбыстарды тыныш қабылдайтын болады.

Шаншу сәбиді мазалауын қояды, себебі оның ішегі нығая бастайды және ана сүтінің не сүт қоспасының құрамына кіретін ферменттерді жақсы қабылдайтын болады. Оған қоса, жаңа туған сәбилерде көп жағдайда аллергияның себебі болатын лактазаны да нәресте ағзасы қалыпты қабылдай бастайды.

Және жас ананың да бұл уақытқа дейін өзінің жаңа рөліне толық кіретінін, жаңа міндеттері мен режимге үйренісетінін, өзін жақсы сезіне бастайтынын, тынышталып, өз-өзіне сенімділігі пайда болатынын да ұмытпау керек. Айтпақшы, егер нәрестеде шаншудың болуына анасының жейтін тамақтарының бірі әсер еткені анықталатын болса, сол тамақтарды міндетті түрде есте ұстап, кейін баланы тамаққа үйреткенде абайлап қосу керек болады, қосқанда сәбидің ішіне жағатын-жақпайтынын қадағалау қажет.

Шала туған балаларда шаншудың аяқталу кезеңі біраз өзгеше. Олардың жүйке жүйесі мен асқазан-ішек жолы өз жұмысын 5-6 айға қарай жөнге келтіреді. Сондықтан мұндай сәбилерде шаншу сол уақытқа қарай бір-ақ аяқталатынын білуге тиіспіз.

Балаларда шаншудың аяқталу мерзімдері орта есеппен алынып отыр, себебі барлық балалар әртүрлі, сәйкесінше өсіп-жетілуі, дамуы, біздің әлемдегі өмірге бейімделуі де әрқалай өтеді. Кейбір балаларда шаншу жарты жыл бойы немесе бір жасқа толғанша созылуы мүмкін. Мұндай жағдайда, міндетті түрде дәрігерге қарату керек, өйткені ішек микрофлорасының қалыптасуы мен жүйке жүйесінің бейімделуі бұлайша ұзақ уақыт жүруі бөбекте бір патологияның бар екенін білдіруі мүмкін ғой.

Егер сіздің сәбиіңізде шаншу болса, оның ішінің желі ұстап, бұрап ауыртатын болса, оған симетиконды препарат Боботик көмектеседі. Бұл зат ағзадан өзгеріссіз шығарылады, баланың асқазан-ішек жолында сіңірілмейді, және аурудың себебіне – ішек қабырғаларын керіп, жағымсыз ауру тудырып тұрған газ көпіршіктеріне әсер етеді. Осындай қасиеттері себепті, препаратты 28 күннен асқан нәрестелерге беруге болады.

Төмендегі материалдар негізінде әзірленді:

  • Приворотский В.Ф., Луппова Н.Е. «Нәрестелердегі ішек шаншуы: мәселе және шешу жолдары»
  • Корниенко Е. А., Вагеманс Н. В., Нетребенко О. К. Нәрестелердегі ішек шаншуы: даму механизмдері туралы заманауи түсініктер және емдеудің жаңа мүмкіндіктері. Қазіргі педиатрия мәселелері 2010; 5 (33): 176–183.
  • https://bobotic.com.ua/ru/moms/ak-zrozumiti-so-koliki-projsli
  • AO3A санатындағы IQVIA деректері бойынша симетикон молекуласы
  • ЛСР-006455/09 от 13.08.2009 (http://grls.rosminzdrav.ru/Grls_View_v2.aspx?routingGuid=f255b1ad-3d53-40dd-85a9-b938667dd0d9)
  • В.Ф. Приворотский. Кішкентай сәбилердегі ішек шаншуы: мәселе және шешу жолдары. Практикалық педиатрия мәселелері 2017 т7 № 5
Назад
Поделиться:
Следующая статья