Сәбиде нақты шаншу болып тұрғанын қалай білеміз? - Bobotik
Назад
Сәбиде нақты шаншу болып тұрғанын қалай білеміз?
7 февраля, 2023
Поделиться:
шаншу
бала емізетін аналарға

Аналар тұңғыш баласында шаншу басталатын күндерден қатты қорқады. Қорқудың қажеті жоқ. Бұл кішкентай нәресте ағзасының физиологиялық өсу кезеңі болып табылады, ол кезең 3-4 айға қарай аяқталады. Бірақ шаншуды басқа проблемалармен шатастырып алмас үшін, сізге оның негізгі симптомдарын білу керек.

Нәрестеде шаншу ұстамасы әдетте кенеттен және көбінесе кешке қарай басталады. Алғашқы көрінісі – оған дейін тып-тыныш жатқан сәбидің кенеттен қатты жылауы. Сәби мазасыз күйге түсіп, оңайлықпен тыныштана қоймайды. Дегенмен, нәрестенің жылауы мен мазасыздануы – шаншудың жалғыз симптомдары емес.

Егер бұл кезде сәби шалқалап қайқая берсе, аяқтарын ішіне қарай бүгетін болса не керісінше оларды ауада тез-тез тыпырлатса, күшеніп, қызарып кетсе, іші томписа, бұлар – шаншудың белгілері.

Әдетте мұндай қимылдардан кейін сәбидің желдері не үлкен дәреті шығады… Сөйтіп ол бірден түк болмағандай тыныштала қалады.

Мұндай ауру ұстамаларының арасында нәресте өзін өте жақсы сезінуі мүмкін, тәбетпен еміп, бойы мен салмағын жақсы қосады, ата-анасымен белсенді байланыс жасайды, мазасызданбайды.

Ал дәрігерлер шаншуды анықтау үшін «үштік қағидасын» немесе «3-те-3» ережесін пайдаланады. Бұл жоғарыда аталған симптомдармен бірге қатты жылаудың негізгі критерийлері:

Жылау жалпы алғанда тәулігіне 3 сағаттан асса;
Мұндай симптомдар аптасына 3 реттен жиі қайталанса
Және осының барлығы 3 аптадан артық уақытқа созылса

Егер барлығы сәйкес келсе, онда дәрігер туғанына 28 күннен асқан нәрестелерде шаншумен күресу және алдын алу үшін, симетиконы бар препаратты тағайындауы мүмкін. Сондай препараттардың бірі – Боботик. Оның құрамына кіретін симетикон сәбидің ішегінде жиналып қалған газ көпіршіктерін жақсы сорады, және ешқандай жанама әсерлері немесе үйреніп алу деген болмайды.

Төмендегі материалдар негізінде әзірленді:

Назад
Поделиться:
Следующая статья