Препарат туралы ақпаратты сайтта көру үшін препаратты таңдаңыз

Басты бет

Ішің ауырмасын!
Шаншу туралы бәрін біліңіз — ұстаманың тән белгілерінен бастап ең тиімді алдын алу және алғашқы көмек көрсету құралдарына дейін
 
Тез

Баланы тыныштандыру мен шаншуды жою үшін Боботик небәрі 8 тамшысы жеткілікті болады

Қауіпсіз

Боботик баланың асқазан-ішек жолында сіңірілмейді, сондықтан бала ағзасына жүктеме түсірмейді.

Оңай

Боботикті алдын ала қайнатылған, салқындатылған сумен не балалар тағамымен араластыруға болады

Боботик өмірдің бірінші айынан бастап

Ішуге арналған эмульсия
66,66 мг/мл
Боботик өмірдің алғашқы күндерінен бастап

Шаншу дегеніміз не және ол неліктен пайда болады?

Ішек шаншуы – бұл ішектің рефлекторлық түйілуі.
Оның пайда болу себебі — газ түзілуінің жоғарылауы.
Шаншу газ шарларына ұқсайды. Ішекте үлкейіп, олар ішек қабырғаларына қысым жасай бастайды және ауырсыну тудырады. Көбінесе олар жаңа туған нәрестелер мен сәбилерді бір жасқа дейін мазалайды. Бұл ауырсунуды жеке ауруларға жатқызу қиын. Шаншу нәресте асқазанының жұмысында ақау бар екенін білдіреді. Әдетте, газдың немесе үлкен дәретінің шығуымен ұстамалар жоғалып кетеді.

Нәрестені шаншу мазалайтынын қалай білуге болады?

Іші ауырғандықтан нәресте қатты жылай бастайды
Нәресте аяқтарын бүгіп, оларды ішіне қарай тартады немесе толығымен түзетеді
Нәресте шалқалап қайқаяды
Нәрестенің беті қызарады
Нәрестенің іші үлкейіп (кеуіп) кетеді

Неліктен нәрестеде шаншу пайда болады:

Бала ішегінің ана сүтін немесе сүт қоспасын әлі толығымен қорыта алмауы.
Тамақтандыру кезінде баланың асқазанына ауа кіріп кетуі;
Бала емізетін ананың дұрыс тамақтанбауы
Нәрестеде ішек инфекцияларының болуы
Боботик қалай жұмыс істейді?
Боботик препаратының құрамында симетикон бар. Қазіргі уақытта бұл ішектегі газдарды және онымен байланысты ауырсынуды жою үшін кеңінен қолданылатын құралдардың бірі
 
Жаңа туған нәрестенің асқазанында ішек қабырғаларын басып, ауырсынуды тудыратын газдар пайда болады
Боботик/Боботик Форте препаратын қабылдаған кезде газдардың ішектің қабырғаларына қысымы азаяды
Қалыптасатын газдар анағұрлым кіші көпіршіктерге айналады, ал қалғаны ішек қабырғаларына сіңеді немесе табиғи түрде шығарылады.
 
Іштің ауыруы басылып, нәресте өзін жайлы сезінеді

Боботик қашан қабылдауға болады
Газ жиналуымен байланысты ас қорыту жолдары тарапынан болатын бұзылуларды (баладағы шаншуды) симптомдық емдеу
Асқазанның толып кету сезімі, созылмалы метеоризм, операциядан кейінгі метеоризм кезіндегі симптомдық емдеу.
Диагностикалық зерттеулерге дайындау үшін (құрсақ қуысының ағзаларын рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеу, гастроскопия және дуоденоскопия кезінде)
Жақсылап шайқаңыз
Қолданар алдында біртекті эмульсия алынғанша шайқаңыз.
1
Құтыны тік ұстаңыз
Тамшылау кезінде препаратты дәл мөлшерлеу үшін құтыны тігінен ұстау керек.
2
Тағамға қосып беру
Балалар тағамымен, сүтпен, сумен араластыруға, емізу кезінде омырау ұшына тамызуға немесе қасықпен беруге болады
3
Тамақтанудан кейін
Препарат ішке, тамақтану кезінде немесе одан кейін, қажет болған жағдайда ұйықтар алдында қабылданады.
4
Боботик қашан қабылдауға болады
Әдетте, шаншу кезінде дәрігерлер құрамында симетикон бар препараттарды тағайындайды. Боботик – шаншумен күресудегі көмекші. Препарат дәрігермен кеңескеннен кейін қабылданады
Қандай жағдайларда балаға дәрігердің кеңесі қажет болады?
Ұстамалар аптасына 3 реттен жиі қайталанса
Шаншу белгілері тәулігіне 3 сағаттан асса
Нәрестедегі шаншу 3 аптадан артық уақытқа созылса.
Балаңызға дұрыс дозаны таңдаңыз

Дозалау режимі

28 күннен 3 жасқа дейін:
8
тамшы
4
күніне 4 рет
3 жастан 6 жасқа дейін:
14
тамшы
4
күніне 4 рет
6+ жастағы балалар:
16
тамшы
4
күніне 4 рет
Симптомдар жойылғаннан кейін Боботик қабылдауды тоқтату керек!
Шығарылу түрі
Дәрілік түрі
Ішуге арналған эмульсия. Жемісті иісі мен қышқыл-тәтті дәмі бар ақшыл немесе ақшыл сары түсті қою, мөлдір емес сұйықтық.
Қаптамасы
Тік тамшылатқышы және полиэтилен бұрандалы қақпағы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыдағы 30 мл препарат.
Босатылу шарттары
Дәрігердің рецептісіз босатылады
Жаңалықтар мен мақалалар

Пайдалы ақпарат және соңғы жаңалықтар

Балаларда шаншу қай жасқа дейін болады?
Қатты жылау, аяқтарын ішіне қарай бүгу немесе тыпырлату, ауырған бет-әлпет сияқты, әр кеште сәбидің мазасын қашыратын шаншудың көріністері ұзаққа созылмайды. Бөбекте шаншусыз өмір қашан басталады? Ол қай жасқа дейін жалғасады?
Февраль, 2023
Сәбиде нақты шаншу болып тұрғанын қалай білеміз?
Аналар тұңғыш баласында шаншу басталатын күндерден қатты қорқады. Қорқудың қажеті жоқ. Бұл кішкентай нәресте ағзасының физиологиялық өсу кезеңі болып табылады, ол кезең 3-4 айға қарай аяқталады. Бірақ шаншуды басқа проблемалармен шатастырып алмас үшін, сізге оның негізгі симптомдарын білу керек.
Февраль, 2023
Нәрестелердегі ішек шаншуы: бала үшін қауіпті ме?
Ішек шаншуы сәби үшін расымен қауіпті ме және ішкі органдардың жұмысында ақау бар екенін білдіре ме? Осыны анықтап алайық.
Февраль, 2023